1 желтоқсан 2025 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай колледж студенттері арасында профилактикалық әңгіме өткізілді. Шараны эпидемиолог-дәрігер, медициналық бөлім жөніндегі басшының орынбасары және салауатты өмір салтын сақтау жөніндегі куратор Нестеренко О. В. колледждің медбикесі Романова Н. В.-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Дәрігер сонымен бірге ЖИТС-ке экспресс-тесті қалай өздігінен жасауға болатынын көрнекі түрде көрсетіп берді, бұл студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Әңгіме мазмұнды өтіп, студенттердің ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу туралы білім деңгейін арттыруға ықпал етті.
ЖИТС-пен күрес










