Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0

  

2022-2023 оқу жылы «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» КМҚК «Тілдік пәндер апталығы» аясында іс-шараларды өткізу туралы есеп

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында, жұмыс жоспарына сәйкес колледжде 19-23 қыркүйек аралығында «Тілдік пәндер апталығы» аясында іс-шаралар өтті.

Аптаның бағдарламасы әртүрлі және қызықты болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Боздаева Асыл Аманкуловна «Тіл - татулық тірегі» атты сабақ-ойын өткізді. Сабақ барысында студенттер жұмбақтар шешіп, мемлекеттік тілде тілдік бұрылыстар мен мақал-мәтелдер айтты.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Габдулина Хадиша Кабдрашиденовна «Эрудитов по русскому языку и литературе» сайын өткізді. Сайыс тапсырмалары оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қиялын, танымдық қызығушылықтарын дамытуға, пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін бекітуге бағытталған.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Анапиянова Майя Мукарамовна мен Боздаева Асыл Аманкуловна А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынов - ағартушы ғалым» тақырыбында жалпы колледждік диктант жүргізді.

Шет тілі мұғалімі Наумова Юлия Леонидовна «Are you good at English?» лингвистикалық ойын өткізді. Ойынның тапсырмалары шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, сондай-ақ ағылшын тілін үйренуге деген ынтаны арттыруға бағытталған.

Сайыс іс-шаралары аяқталғаннан кейін жеңімпаз студенттер анықталды:

- «Тіл - татулық тірегі» сабақ-ойын - Окунева Анастасия (ТҰ 22), Жунусов Тохар, Большаков Андрей (АШМ 21), Отт Владимир (АШМ 11), Турсынханова Аделя (ТҰ 12).

- «Эрудитов по русскому языку и литературе» сайыс - 1 орын – Бельская Юлиана (ТҰ 12), 2 орын – Большаков Андрей (АШМ 21),  Ишмулина Алина (ТҰ 22), 3 орын - Лариончик Сергей (ДІ 23), Тархальская Алёна (ТҰ 12).

- «Ахмет Байтұрсынов - ағартушы ғалым» диктант - Беляева Анастасия, Тимченко Рада (ТҰ 12), Герр Эрика (ТҰ 41).

- «Are you good at English?» лингвистикалық ойын - 1 орын - Беляева Анастасия (ТҰ 12), 2 орын – Большаков Андрей (АШМ 21), 3 орын -Бельская Юлиана (ТҰ 12).

Қатысқандарың үшін рахмет! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!