Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0
Қыркүйек айында колледждің МСХ - 11, СД - 13, МСХ - 21 және СД - 23 топтарының студенттері оқу орны аумағындағы жасыл желектерге түгендеу жұмыстарын жүргізді

Қыркүйек айында колледждің МСХ - 11, СД - 13, МСХ - 21 және СД - 23 топтарының студенттері оқу орны аумағындағы жасыл желектерге түгендеу жұмыстарын жүргізді. Іс - шараға Қашыр орман шаруашылығының орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекторы Редозубов Евгений Владимирович қатысты. Ол студенттерге табиғат аясындағы тәртіп ережелері туралы айтып, адамның қоршаған ортаға тигізетін зияны жайлы түсіндіріп, ағаштар мен бұталардың жағдайын анықтау бойынша нұсқаулық өткізді.

Жүргізілген түгендеу нәтижесінде колледж аумағындағы жасыл желектердің 14 түрлі ағаш пен бұтадан тұратыны анықталды. Оның ішінде шамамен екі жүзге жуық қарағай, жүздей терек және отыздан астам қайың бар. Бұл деректер колледж аумағының экологиялық маңызы зор жасыл аймақ екенін көрсетеді.

Қоршаған ортаны қорғау - әрбір азаматтың борышы. Табиғатты аялау, ағаштарға күтім жасау, жасыл желектерді көбейту - болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Әрбір отырғызылған ағаш - ол тек сұлулық пен таза ауаны ғана емес, елдің ертеңіне қосылған үлес.