Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0

  

2025 жылғы 10 қазанда «Славгород ауылшаруашылық техникумы» ӨМБКББ мекемесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «СПОсобен открыть мир!»
2025 жылғы 10 қазанда «Славгород ауылшаруашылық техникумы» ӨМБКББ мекемесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «СПОсобен открыть мир!» атты байқауға маңызды сапар ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – студент жастарды біріктіру және орта кәсіптік білім (ОКБ) мамандықтарын насихаттау болды. Байқау Славгород ауылшаруашылық техникумы, Славгород педагогикалық колледжі, Яровой политехникалық техникумы және біздің колледждің студенттерін біріктірді. Барлығы 7 жұп қатысушы тіркелді. Қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендерге «Менің әлемім: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы визиттік карточкаларын ұсынды, ОКБ жүйесінің тарихы бойынша білімдерін көрсетті, шығармашылық қабілеттерін танытып, «Менің іскерлік бейнем» дефилесіне қатысты. Бұл іс-шара жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, студенттердің жеке және кәсіби әлеуетін ашу, коммуникативтік дағдыларын, креативті ойлауын және командада жұмыс істеу қабілетін дамыту үшін тиімді алаң болды. Мұндай бастамалар жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, ОКБ мамандықтарының беделін арттыруға, сондай-ақ оқу орындары арасындағы өңіраралық байланысты нығайтуға ықпал етеді. Біздің колледж атынан студенттік парламенттің белсенділері: Ермакова Алёна мен Функ Валентин, Скутник Карина мен Красноперов Данил лайықты деңгейде өнер көрсетті. Олар байқаудың барлық кезеңдерінде бастамашылдық, жауапкершілік және шығармашылық көзқарас танытты. Байқау қорытындысы бойынша «Мистер және Мисс Креативтілік» номинациясында Ермакова Алёна мен Функ Валентин жеңімпаз атанды. Олар өздерінің ерекше идеялары, көрерменге әсерлі өнер көрсетуі және креативті ойлауымен ерекшеленді. Бас жүлде – «Мистер және Мисс ОКБ – 2025» атағын Славгород педагогикалық колледжінің студенттері Горюнова Дарья мен Подшивалов Кирилл жеңіп алды.