Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Калинов орта мектебімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес 7 - 9 сынып оқушыларына арналған «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Есеп және аудит» бағыттары бойынша бейіндік сыныптар ашылды. Бұл сыныптар шаруашылық қожалығы «Илья» (жетекшісі - Селяев Е.В.) тарапынан көрсетілген демеушілік көмектің арқасында ашылды.
Бейіндік сыныптарды ашудағы мақсат - оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын таңдауға жәрдемдесу.
#годрабочихпрофессий
#меморандум2025
#ранняяпрофориентация