Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0
Экстремистердің ықпалына түспеу үшін не істеу керек

Алдымен, өзіңіздің фотосуреттеріңізге, жазбаларыңызға және басқа да материалдарыңызға қолжетімділікті тек жақсы білетін достарыңыздың шеңберімен шектеңіз, сол үшін сәйкес баптауларды қолданыңыз!

Түсініксіз және күмәнді топтарға қосылмаңыз! Қоғамдық топтар мен форумдарда тым ашық болмаңыз, сақ болыңыз!

Жаңа таныс адам сізге хабарласып жатса, оған көңіл бөліңіз! Барлық адамды бірден достар қатарына қоспаңыз! Ол кім екенін, қайдан келгенін және сіз оны қайдан білетіндігіңізді анықтаңыз!

Егер белгісіз нөмірден түсініксіз мазмұндағы хабарлама келсе, оған жауап бермеңіз!

Өз жағдайыңызды түсініп, саналы болыңыз. Бақылаушы дағдыларын дамытып, мынадай сұрақтарды қойыңыз: «Бұл маған не үшін айтылады?», «Бұл не үшін қажет?».

Қарапайым әрі жарқын уәделерге сенбеңіз.

#ложныйпрофиль

#адал_азамат_atkterenkol

#профилактикаэкстремизма