Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0
«Таза сессия»

«Таза сессия» акциясы аясында білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу - өндірістік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Анапиянова М.М. ДІ13 және АШМ21 топтарының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттерге емтихандық сессияны тапсыру тәртібі мен талаптары жан - жақты түсіндіріліп, білімді әділ және ашық бағалау қағидаттарына ерекше назар аударылды. Сондай - ақ, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жол берілмейтіні және белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны атап өтілді.

Мұндай түсіндіру кездесулері студенттердің оқу үдерісіне деген жауапкершілігін арттырып, академиялық адалдықты қалыптастыруға, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

«Таза сессия» акциясы аясындағы профилактикалық іс - шаралар білім беру ұйымында ашықтықты, әділдікті және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.