Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0
«Таза сессия»

25 желтоқсаннан бастап колледжде 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығының қорытындысы бойынша емтихан сессиясы басталды. Осы күндері емтихандарды 1-курс СД-13 тобының және 2-курс МСХ-21 тобының студенттері тапсыруда. Емтихан сессиясы — жауапкершілігі жоғары, маңызды кезең, ол ұқыптылықты, адалдықты және тәртіпті талап етеді. «Таза сессия» акциясы аясында студенттер мен оқытушыларды емтихандарды өткізу барысында белгіленген талаптар мен ережелерді қатаң сақтауға шақырамыз.  Барлық студенттерге өз білімдеріне сенімділік, сәтті жауаптар мен жоғары нәтижелер тілейміз! Сессия тыныш, әділ әрі ашық өтсін! Емтихандарда сәттілік тілейміз!