Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0

  

«Болашақ келісім-шарты» бос орындар жәрмеңкесі

«Болашақ келісім-шарты» бос орындар жәрмеңкесі

 

2021 жылғы 29 сәуірде Павлодар облысы білім беру басқармасының жоспарына сәйкес колледж базасында «Болашақ келісім-шарты» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы В.П. Кулик, М.Б. Омаров, Павлодар облысы Тереңкөл ауданының Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры, Е.И. Комаров, «Комаров» ШҚ басшысы, К.С. Ахметов, «Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ аграрлық саясат секторының меңгерушісі, Н.М. Анапиянов, «Анапиянов» ЖК басшысы, С.С. Киялбаева «Салауат» ЖК басшысы, О.Т. Садыбеков «Расул» ЖК жетекшісі С.К. Рыспеков «ALDASPAN» КММ Жастар орталығының директоры, М.А. Батталов «БатСтрой» ЖК басшысы қатысты.

 

Әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша бітіруші топтардың студенттерімен кездесті. Студенттер өздерінің барлық сұрақтарына жауап алды, осы жылы шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қандай мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатқанын білді.

 

Іс-шара соңында Кулик Валентина Павловна ТҰ 32 тобының студенттерімен «дөңгелек үстел» өткізді, жас мамандарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

 

Кездесуге қатысушылар байланыс телефондарымен алмасты. Әлеуметтік серіктестер колледж оқушыларына бітіргеннен кейін өз жолын табуға тілек білдірді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге уәде берді.