Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК
0

  

Тереңкөл ауданының колледжінде оқу беделді әрі қызықты

«Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушылары мен студенттері әрқашанда түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысуға тырысады. Студенттер кәсіби және интеллектуалдық сайыстарда, физикалық дайындықты талап ететін жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетеді.

 

Ағымдағы жылдың мамыр айында АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Анапиянов Омарали Мақсұтұлының басшылығымен колледж студенттері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж Нұркин Қабдеш Темірбайұлы түлегін еске алуға арналған облыстық турнирге қатысты.

 

Тереңкөл колледжінің құрама командасының құрамында бірінші курс студенті Темірғалиева Екатерина қатысты. Катерина АК толық емес бөлшектеу мен құрастыруда жақсы білім көрсетті және ІІ орынды иеленді, дипломмен марапатталды.

 

Омарали Мақсұтұлы мен Катеринаны жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

 

Биылғы жылы колледж мектеп түлектерін "Аспаз - кондитер - технолог", "Электргазбен дәнекерлеуші", "Тракторист - машинист", "Слесарь-жөндеуші" сияқты қажетті мамандықтарға оқуға түсуге шақырады.

 

Болашақ талапкерлерге колледжімізге оқуға келу арқылы сіз тек жақсы және сұранысқа ие мамандық алып қана қоймай, сонымен қатар колледж ішіндегі ғана емес, облыстық және республикалық іс-шаралардағы конкурстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы өз біліміңіз бен қабілеттеріңізді көрсете алатындығыңызды айтқым келеді.

 

Колледж шеберлері мен оқытушылары әрқашан сіздің бастамаларыңызға қолдау көрсетеді, кез келген жағдайда көмектеседі.