2023 жылғы 24 қазанда «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің базасында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
«Ertis» колледжі әдістемелік орталық және ауыл шаруашылығы бейіндегі ТжКБ жетекші оқу орны ретінде Павлодар облысының агроколледждері басшыларының орынбасарлары мен әдіскерлерін қабылдады. Жаңа бағдарламаларды әзірлеу колледждер арасындағы көлемді ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, ынтымақтастық пен әдістемелік көмек түрлі бағыттарды қамтиды, мысалы, аграрлық сала мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, студенттер мен оқытушылардың жеке білім беру траекторияларын дамыту, өңірлік еңбек нарығының білікті кадрларға өзекті қажеттіліктерін қамтамасыз ету және т.б.
Тереңкөл ауданының аграрлық колледжінен топ жұмысына ОӨЖ жөніндегі орынбасары М. М. Анапиянова және әдіскер Б. Н. Асаинова қатысты. ОӨЖ жөніндегі орынбасары М. М. Анапиянова отырыста "Аграрлық-техникалық колледжде оқу-өндірістік оқытуды ұйымдастыру"атты баяндама жасады.
https://atk-terenkol.edu.kz/novosti-kz/990-ertis-kolledzhi-distemelik-ortaly-zh-ne-auyl-sharuashyly-y-bejindegi-tzhkb.html#sigFreeId39b60dd586